KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Тіс емдету кепілдендірілген көмек пакетіне қосылуы мүмкін

4.03.2023, 14:21 293 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да стоматологиялық қызметтер кепілдендірілген көмек пакетіне кіруі мүмкін.

Қазіргі уақытта медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде стоматологиялық қызметтерді азаматтардың кейбір санаттары ғана ала алады. Балалар, жүкті әйелдер, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар зейнеткерлер және мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын адамдар ғана тегін тіс емдете, алады. Бірақ алдағы уақытта бұл жағдай өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды  Аltaynews тілшісі.

Стоматологиялық қызметтер денсаулық сақтау саласындағы ең қымбат процедуралардың бірі болып саналады, бірақ кепілдендірілген көмек көлеміне кірмейді. Көптеген азаматтар кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне тіс емдеу процедураларын қосуды талап етеді.

Бұл мәселе ерекше өзекті  болғандықтан, бірқатар түйткілді тұстарды ескере отырып қабылдануы мүмкін екен.

- Бұрын стоматология емханалармен тікелей келісімшарттар жасасқан және белгілі бір бақылау болмаған. Көптеген артық берілген жалған есептер анықталды, яғни іс жүзінде емдеу процедурасы жүргізілмеген, бірақ ол қағазда бар болатын. Қазір біз бұл мәселені заңдастырдық, ӘМСҚ жүйесімен тікелей шарттар жасалды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде барлық азаматтарға стоматологиялық қызмет көрсету мәселесі қазір ашық тұр. Менің ойымша, биыл біз талдау жасаймыз. Қаражаттың жинақталуына қарай бұл мәселе денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде талқыланатын болады, - деді ШҚО бойынша ӘМСҚ филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев.

Биыл стоматологиялық қызмет көрсетуге 993 миллион теңге бөлу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив