KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО –ның туристік ауданындағы ауруханаларда кадр тапшы

4.03.2023, 13:33 263 Мадина Амангелдіқызы

Бұқтырма жағалауы - аймақтағы жағажай демалысының негізгі бағыттарының бірі. Былтыр мұнда 300 мыңнан астам турист демалды.

Өткен жылы Бұқтырмада туризмді дамыту туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты биыл Жаңа Бұқтырма кентінде ауқымды өзгерістер болады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Ауданда туристердің саны артуы мүмкін.  Сондықтан Жаңа Бұқтырма кентіндегі  аурухананы жөндеу туралы шешім қабылданды. Қысқы уақытта медициналық мекеме іс жүзінде бос тұрады, үш қабаттың біреуі ғана қолданылады. Десе де денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблеманың бірі – бұл кадрлардың жетіспеушілігі.

- Жабдықты жөндеп, ауруханаға қоюға болады, бірақ кадрлар жетіспейді. Жазда бізде туристердің саны өседі, ал травматолог дәрігерлер жоқ, терапевт мамандар да қажет. Біз кадрларды тартуға тырысамыз, университеттерге барамыз, баспана беруге дайынбыз. Өткен жылы ауданға тек үш дәрігер келді: екеуі Алтай қаласына және біреуі Серебрянск қаласына. Бірақ мұнда да тапшылық бар, - деп атап өтті ШҚО Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко.

Айта кетсек, биыл Жаңа Бұқтырма кентін дамыту аясында аурухананы жөндеуге 300 миллион теңге бөлініп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив