KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Дизель отынын арзанға сатып алу үшін не істеу керек?

4.03.2023, 16:08 232 ALTAINEWS

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде, сондай-ақ шекара периметрі бойынша және транзиттік көлік үшін мұнай өнімдеріне сараланған бағаларды белгілеу мақсатында 2022 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі базасында мұнай өнімдерін өткізуді бақылау модулін (бұдан әрі – Модуль) іске қосты.

Бұл Модуль бойынша дизель отынын сататын автожанармай құю станциялары (бұдан әрі – АҚС) жұмыс істейді.

Энергетика министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес Модуль арқылы дизельді босату процесі үш санатты қамтиды:

  1. Жеңіл көлік құралдарына босату - жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде, АҚС операторы ЖСН мен тұтынушының жүргізуші куәлігінің нөмірін енгізуі тиіс. Жеңіл көлік құралы үшін дизель отыны бойынша тәуліктік лимит 260 тг/л бағамен 100 литрді құрайды.
  2. Жүк/арнайы көлік құралдарына босату – көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ұсынған кезде жүзеге асырылады. Тұтынушы жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін жеңілдетілген бағамен мұнай өнімдерін алу мақсатында келесідей деректерді ұсынуы қажет:

– көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірі және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі – көлік құралының иесі көлік құралының техникалық паспортын көрсеткен жағдайда;

– ЖСН және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі - тұтынушы көлік құралын сақтандыру полисі бойынша жүргізген жағдайда.

Жүк/арнайы көлік құралары үшін дизель отыны бойынша тәуліктік лимит 260 тг/л бағамен 300 литрді құрайды.

  1. Құжаттарсыз босату (бағасы 450 тг/л.) - Қазақстан Республикасының құжаттары жоқ азаматтар АҚС-ға мұнай өнімдерін алу үшін жүгінген кезде жүзеге асады. Бұл жағдайда АҚС операторына босатылған мұнай өнімінің көлемі туралы ақпаратты енгізу жеткілікті.

Модуль жұмысы және дизель отынының босатылуы бойынша өтініштер мен шағымдар үшін 8 (747) 897-9781 нөмері бойынша қолдау қызметі жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив