KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Жаңа Ахмердегі электр желілерінде апат болуы мүмкін

Фото: mapio.net

5.03.2023, 10:01 310 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменнің Жаңа Ахмер кентіндегі тұрғын үйлерді қуаттандыратын электр желілері көп жылдар бойы жөнделмеген. Ал аталмыш желілер қала теңгеріміне тиесілі емес.

Жаңа Ахмер кентіндегі электр желілерінің тозығы жеткен. Кез келген уақытта апат болуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алайда қала басшылығы апатты болдырмау үшін қазірден бастап тиісті шаралар қабылдамақ. Осы және кенттегі басқа да мәселелері жайлы Өскемен әкімінің Жаңа Ахмер тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды.

- Жаңа Ахмердегі бұрынғы әскери қалашықтың тұрғындарымен жергілікті мәселелерді шешу үшін бес жылдан бері өзара әрекеттесу арқылы белсенді жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік - мұнда отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылды, екі ойын алаңы жабдықталды, жергілікті шағын орталықта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қорғаныс Министрлігінің балансына тозығы жеткен қазандықты қабылдай отырып, оған тез қаражат тауып, қалпына келтірдік, осылайша ауданды тұрақты жылумен қамтамасыз ете алдық, - дейді шаһар басшысы.

Әкімнің айтуынша, бұл осы аудандағы жалғыз өзекті мәселе емес. Тұрғын үйлерді қуаттандыратын электр желілері көп жылдар бойы жөнделмеген.

- Кез келген уақытта апат болуы мүмкін. Өкінішке орай, бұл желілер тиесілі аудандық эксплуатациялық бөлімшеде жөндеу мәселесі тоқтап тұр. Енді бұдан ары күтуге болмайтынын түсінгендіктен, біз түбегейлі шешім қабылдадық. Желілер қаланың теңгеріміне қабылданып, жөндеу жұмыстары қала бюджетінің есебінен жүргізіледі. Бұл Жаңа Ахмер тұрғындарынының тыныс-тіршілігін жайлы етуге кепілдік береді, - деді Жақсылық Омар.

Осы ретте тұрғындармен бірге жұмыс алгоритмі жасалды. Биыл барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп қояды деген жоспар бар көрінеді.

Сонымен қатар, халықтың өтініші бойынша бұрынғы қалашықтың орталық жолын ағымдағы жөндеу мәселесі де қаралатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив