KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Банкроттыққа өтініш беру басталды

5.03.2023, 15:22 267 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда 3 наурызда банкроттыққа өтініш беру басталды.

2022 жылдың 30 желтоқсанда ҚР Президенті "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы" жаңа заңға қол қойды. Осы заң 3 наурыздан бастап өз күшіне енді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жеке тұлғалар жаңа заңнамалық негіздерге сәйкес, «E-salyg Azamat», «E-gov» веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы банкроттыққа өтініш қалдыра алады. Өтініш беру уақыты шексіз.

Өтініштер үш тәсіл бойынша қарастырылады: соттық емес, соттық және төлем қалпына келтіру.

Соттық емес жеке тұлғалардың банкроттығы мәртебесін алу үшін борыш 5,5 млн теңгеден аспауы және несие 1 жыл өтелмеген болуы қажет. Сондай-ақ тіркелген немесе ортақ меншіктегі мүлік болмауы тиіс.

Үшінші тәсіл - төлем қалпына келтіру. Мұнда борышкер банкрот мәртебесін алмайды. Сот шешімімен 5 жылға дейін өзінің төлемін бөліп төлейді.

Банкрот деп танылған азаматтардың қаржысы 3 жыл мониторингте болады, 5 жыл қарыз бен несие берілмейді, ал банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив