KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Қазақстан әскери қуаты бойынша әлемдік рейтингте 63-орында тұр

6.03.2023, 20:17 154 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан әскери қуаты бойынша әлемдік рейтингте 145 елдің ішінде 63-орында тұр.

Finprom.kz порталының жазуынша, Global Firepower-дің әскери қуаты бойынша рейтингінде Қазақстан 145 елдің ішінде 63-орында тұр. Елдің индексі - 1,0873, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Рейтинг сарапшылары 60 түрлі факторды бағалайды. Оның ішінде қорғаныс шығындарының деңгейі, техника мен құрылғының арсеналы, әскердің көлемі, танктердің, кемелердің, ұшақтардың және басқа да әскери техникалардың саны, мұнай, көмір және басқа ресурстарға қолжетімділік қаперге алынады. Бұл ретте ядролық қарудың болуы ескерілмеді.

Рейтингке сәйкес, әскери қуаты ең жоғары елдер — АҚШ, Ресей және Қытай. Ал Бутан рейтингтің ең соңында тұр.

ТМД елдерінің ішінде Ресейден басқа Қазақстанның көрсеткіші Украина, Әзірбайжан, Беларусь және Өзбекстаннан төмен. Рейтингте Қазақстаннан төмен Түрікменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова орналасқан.

Global Firepower сарапшыларының мәліметінше, ҚР авиациясында 237 ұшатын құрал, оның ішінде 75 жауынгерлік тікұшақ бар. Ал ұшақтардың ішінде 39 шабуылдаушы ұшақ, 81 жойғыш, 17 көлік және 25 оқу-жаттығу ұшағы тіркелген. Елдің құрлықтағы күштерінде 300 танк, 5,2 мың бронды тасымалдаушы, 246 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, 456 сүйретілетін артиллериялық қондырғы және 407 көп реттік зымыран жүйесі бар.

Әскери қызметкерлердің жалпы саны 77 мың адамды құрайды, оның 45 мыңы белсенді әскерилер, 32 мыңы әскерилендірілген құрамаларға жатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив