KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 0,5 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Өскеменде әскери қызметші әйелдер марапатталды

7.03.2023, 20:57 308 Оразай Жеңісұлы
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Өскемен гарнизонындағы 27943 бөлімнің ұжымы нәзік жанды әскери қызметшілерді құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Әскери қызметте жүрген әйелдер қауымына Қазақстан әскерінің  жауынгерлік дайындығына, оның беделін көтеруге қосқан лайықты үлесі және Қарулы Күштердегі адал қызметі үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз»,  - деді бөлім командирі полковник Азамат Әбікенов.

Әскери бөлім сарбаздары мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырып, әскери қызметші әйелдерге бөлім командирі атынан алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив