KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО әкімі аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

8.03.2023, 15:22 201 Ләззат Қанатқызы

Бүгін - Халықаралық әйелдер күні.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мейірімділік пен ізгіліктің иесі ретінде отбасыларыңызға жылулық сыйлап, адамзат баласын аялы алақандарыңызбен тербетіп, зор құрметке лайық жандарсыздар.  Кез-келген уақытта қоғам жүгін қайыспай көтеріп, бизнес, мәдениет және спорт салаларында да жарқын нәтижелерге қол жеткізіп отырған биік талант иесі екендеріңіз даусыз. Адамгершілік бастауы – әйелден. Сіздер балаларымызға өнегелі тәрбие беріп, игі істеріне бағыт көрсетіп, даналық пен өнегеліктің ұйытқысы болып отырсыздар.  Шуақты мереке күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен махаббат тілеймін! Ел өмірінің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор үлес қосып жүрген қыз-келіншектеріміздің ерен еңбектерінің жемісі молая берсін! 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! - деп жазды ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив