KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да биыл 349 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек

Шартты сурет

9.03.2023, 18:08 251 Ләззат Қанатқызы

Биыл облыс орталығында драма театры ауданында 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі.

Бұл туралы ШҚО әкімі облыс орталығында бой көтерген жаңа шағын аудандардағы тұрғын үйлер құрылысының барысымен және бірқатар жобалармен танысу барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Драма театры ауданында архитектуралық сәулеті жағынан ерекше әрі заманауи тұрғын үйлер салынуда, қолданысқа берілгендері де бар. Жалпы, қазіргі үйлер өте сапалы салынуда, аулалардағы жолдар алты метрге дейін кеңейтіліп, әр пәтер үшін бір жарым тұрақ орны қарастырылғанын атап өткен жөн. Биыл тағы 349 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары бар, - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы ЖМК ауданындағы құрылысы тоқтап қалған колледжде құрылыс жұмыстары басталғанын да атап өтті. Ол жерде математика және басқа да цифрлық ғылымдарда дарынды балаларға арналған 910 орындық мектеп-интернат бой көтермек.

- 2024 жылы "Спорт" шағын ауданында мектеп құрылысы басталады. Ауқымды спорттық-мәдени кешен салудың қызықты жобасы да бар. Жалпы, құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде, кейбір ескертулер бар, бірақ олар тез арада жойылмақ. Жаңа шағын аудандар өмір сапасының барлық стандарттарына сәйкес келетініне сенімдімін, - дейді ШҚО әкімі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив