KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Роталық-тактикалық топтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр - Өскемен

10.03.2023, 21:13 189 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде роталық-тактикалық топтарының оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Роталық-тактикалық топтардыӊ оқу-жаттығулары жауынгерлік даярлық жоспары бойынша Өскемен гарнизонының әскери оқу-жаттығу полигондарында күндізгі және түнгі уақыттарда өткізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жаттығулардыӊ негізгі мақсаты – біріктірілген бөлімшелер мен құрамалардыӊ ортақ тапсырманы орындау кезеңдеріндегі үйлесімділігін және кәсіби шеберлігін бағалау. Жалпы жаттығу үш кезеңнен тұрады.

Алдымен оқу-жаттығуға қатысатын бөлімшелер дабыл бойынша көтеріледі. Екінші кезеңде арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізуге дайындық жүргізіледі. Ал үшінші кезеңде заңсыз қарулы топтарды жою жүзеге асырылады. Үш кезеңнен тұратын жаттығуда бөлімше рота-тактикалық топ құрамында жұмыс жасауды меңгеріп, біріктірілген топты басқару кезінде командирлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ дұрыс шешім қабылдауды үйрену маңызды рөл атқарады.

 – Рота-тактикалық топтардыӊ құрамы, өздеріне жүктелген тапсырмаға байланысты жасақталады. Соған орай олар бірігіп марш жасап, қорғаныс әдістерін пысықтап, басып алу амалдарын қарастырумен қоса, басқа да іс-қимылдарды пысықтайды, – деді бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Марат Бралинов.

 Сондай-ақ оқу-жаттығуды өткізу барысында жеке құрамныӊ ротаныӊ тірек пунктін инжинерлік жасақтауы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету сынды сынақтарды тапсыру қарастырылған.

Айта кетейік, көктемгі оқу-жаттығу наурыз айының соңына дейін жалғасады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив