KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
448.56 478.03 4.79

11 өңірде су тасқыны болуы мүмкін – Қазгидромет

13.03.2023, 20:57 214 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидромет» РМК мамандары нөсердің салдарынан 12-14 наурыз аралығында Алматы, Жетісу және Жамбыл өңірлерінде өзен суының деңгейі көтерілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, синоптиктердің айтуынша, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қарлы жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Күннің күрт жылынуына байланысты қар тез еріп жатыр. Қарғын су салдарынан өзендер көтерілуі әбден мүмкін. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін», - деп болжайды мамандар.

Алдағы екі-үш күнде Абай облысының Бородулиха, Бесқарағай, Аягөз, Ақсуат аудандарында да су көтерілуі ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив