KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ІІМ басшысы қазақстандықтарды нашақорлыққа міндетті тексеруді қолдады

14.03.2023, 17:03 130 Оразай Жеңісұлы

Ішкі істер министрі нашақорларды анықтау үшін скрининг енгізу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Өкінішке қарай, бүгінде студенттер арасында есірткі қолдану деректері анықталып жатыр, сондықтан алдағы уақытта скрининг жүйесін енгізу жоспарланған", - деді ІІМ басшысы.

Министрдің айтуынша, скрининг жағдайды объектив бағалауға мүмкіндік береді және есірткіге тәуелділерді, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

"Биоматериалдар жұмысқа орналасу кезінде, мемлекеттік қызметте, жүргізуші куәлігін алу кезінде тексеріледі. Есірткіні қолданған жағдайда (скрининг көрсетуі мүмкін – еск.).

Бәріңіздің балаларыңыз бар. Бүгінде синтетикалық препараттар кең таралған және оңай қолжетімді. Бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Олар интернет, ломбард арқылы жібере алады. Ғылыми сараптама көрсеткендей, тұтыну ерте сатысында анықталса, 95 пайызын қалыпты жағдайға қайтаруға болады. Үшінші кезеңде тек 15 пайызы ғана қалыпты өмірге орала алады", - деді Ахметжанов.

Ішкі істер министрлігінің басшысы мектептерде есірткі түрлерінің көбейгенін мәлімдеді.

"Мұны жасырмаймыз. Бүгінде сенімді есеп жоқ. Биоматериалдарды кәсіби сараптамадан өткізуді ұсынамын. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы, бірақ біз оны қолдаймыз. Оқу орындарына түскенде, жұмысқа, мемлекеттік қызметке, әскери қызмет", - деді Марат Ахметжанов.

Ол биоматериалдардан есірткіні анықтауда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік болмайтынын қадап айтты. Барлық ақпарат балалардың ата-аналарына жіберіледі.

"Бүгін таңдауымыз керек: бізге не маңыздырақ, балаларымыз бен қоғамның қауіпсіздігі немесе бұны бәрі біліп қояды деп қорқамыз ба?" - деді Ішкі істер министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив