KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Республика күніне орай маңызды мемлекеттік наградалар табысталды – ШҚО

25.10.2022, 13:20 197

ШҚО-да Республика күніне орай маңызды мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қайта жаңғырған жаңа ұлттық мереке қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтар марапатталып отыр.

"Құрмет" орденін "Сей - Нар" ЖШС Бас директоры Ербол Әбдіқалықов пен "Пасека" шаруа қожалығының басшысы Валерий Касымбаев секілді өңірдің ұйымшыл еңбек ұжымдарын құрып, шаруашылықты дамытқан тәжірибелі және табысты кәсіпкерлері алды.

ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен "ТАЗА ӨСКЕМЕН" кәсіпорны ардагерлерінің бірі Татьяна Назырова марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен "ҮМЗ" АҚ бериллий өндірісінің 6-разрядты аппаратшысы Қайрат Орузбаев, есу слаломынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Смирнова және "Регион" Баспа үйі" ЖШС директоры Евгений Черкашин марапатталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы белгілі дендролог, «Плодово-ягодный питомник» Шаруа қожалығы» ЖШС директоры Владимир Езенкке табысталды.

Сондай-ақ ерекше атап өтетін марапаттардың бірі - "Өскемен жылу желілері" АҚ-ның қазандық жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь Петр Дудиннің Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін алуы. Петр Николаевич - өз өмірін халықтың игілігі үшін көзге көрінбейтін, бірақ маңызды еңбекке арнаған жан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив