KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Тәртіп сақшылары Наурыз мерекесіне арналған шараға қатысты - ШҚО

15.03.2023, 20:07 346 Ләззат Қанатқызы

Жыл басын мерекелеу 14 наурыз – Көрісу күнінен басталады. Дәл осы күні А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы ата-баба дәстүрімен «Бастаңғы» мерекесіне арналған республикалық көлемде іс-шара өткізді.

Аталған шараға Полиция департаменті басшылығының қолдауымен жас тәртіп сақшылары қатысып, мерекелік көңіл күймен сусындап қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Форумға Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан әмбебап ғылыми кітапханалары қатысты. Жас кітапханашылар мен оқырмандардан құралған әр кітапхана командасы музыкалық сәлемдесу, дәстүрлі және заманауи жарапазан орындау, айтыс шеберлігі, Наурыз мейрамына байланысты мақал-мәтелдер мен көркем әдебиет туындылары бойынша білімдерін ортаға салды.

Сондай-ақ, танымды әрі қызықты «Әз Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі» атты интерактивті әдеби көрме-энциклопедиясымен, көздің жауын алатын ұлттық қолөнер бұйымдары және дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдар жәрмеңкесі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив