KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Өскеменде онкологтар тағы да ашық есік күнін өткізеді

16.03.2023, 16:24 255 Оразай Жеңісұлы

Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында асқазан-ішек жолдарының ісіктері мен жатыр мойны обырының алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді.

Пациенттерден учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«25 наурызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жоғары білікті онколог дәрігерлер тегін қабылдауды жүргізеді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса жеткілікті», - деп мәлімдеді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Онкологиялық орталықтың мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпус.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7232) 48-91-51, 8-778-003-78-45.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив