ШҚО-да бухгалтер мектеп қаражатын құмар ойынға жұмсаған

шартты сурет
Күршім ауданында мектеп бухгалтері мекеме қаражатын құмар ойындарға жұмсап жіберген.
11,9 миллион теңге қолды болды,
Ол қаражатты 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін өзінің және туыстарының банк картасына аударып келген.
«Күдіктінің кінәсі экономикалық сараптаманың қорытындыларымен, куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді. Сотталушы өзі де кінәсін мойындады», - деп мәлімдеді Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот айыпталушыны мойындағанын, өкінгенін және жас балаларының барын ескере отырып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру және үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
317
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
" Мені өлтірші деп өзі өтінді" Өскеменде БОМЖ 9 жылға сотталдыШҚО-да оқушылардың 1,5 миллион теңгесін «алып қойған» есепші сотталдыШҚО-да ауыл мектебінің есепшісі 6 жылға сотталатын болдыШҚО-да әскери қызметкер бюджеттен 16 миллион теңге жымқырғанСемейде үш миллион теңге жымқырған бас есепші сотталды