KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Студенттердің қатысуымен мерекелік концерт өтті – Өскемен

21.03.2023, 10:14 283 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығында студенттердің қатысуымен Наурыз мерекесіне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Жастар қала тұрғындары мен қонақтарын ән, би және қойылымдармен қуантты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Концертке студенттермен қатар жергілікті шығармашылық ұжымдар қатысты. Атап айтқанда Extasy шоу-балеті, FTB шығармашылық ұжымы, "Злато" орыс ән ансамблі, WARRIORZ триосы Formation шығармашылық ұжымы мен «Инкоро-Іңкәр» вокалдық тобы өнер көрсетті.

- Бүгін студенттердің Наурыз мерекесіне орай дайындаған концерті өтеді. 3 сағатқа жоспарланған бағдарламада 60-тан астам номер көрсетілмек. Оның ішінде ән де, би де және әзіл-ысқақ қойылымдары да бар, - дейді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қызметкері Василий Хван.

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында Наурыз мейрамы 14 наурыздан 23 наурызға дейін 9 күн қатарынан тойланбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив