KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Сарбаздар аналары комитетінің өкілі әскери бөлімді аралады - ШҚО

27.03.2023, 12:01 347 Ләззат Қанатқызы

Өскемендегі сарбаз аналар комитетінің өкілі Наталья Николаевна Косолапова «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде болды.

Бұл шара «Сарбаз қызметі аналар көзімен» акциясы аясындай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ата-аналар комитетінің мүшелері ең алдымен мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмыстық жағдайын, сондай-ақ әскери қызметшілердің бос уақытында немен айналысатын көрді. Әрине, сарбаздардың күн тәртібін үйдегі өмірмен салыстыруға болмайды. Әскердегі ықшамдылықты мұнда барлық жерден, яғни біркелкі жиналған төсек-орындардан, бірдей ас мәзірлері мен киім үлгісінен көруге болады.

  Ата-аналар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген балалары үшін алаңдайтыны рас. Сондықтан біз бүгін әскери бөлімдегі казармаларды, асхананы, монша, кір жуу орындарын және әскери лазаретті араладық. Офицерлермен, сарбаздармен сөйлестік. Мұндағы сарбаздар үшін бар жағдай жасалғанына көзіміз жетті, – деді ата-аналар комитетінің өкілі Наталья Косолапова.

Сонымен қатар, сарбаздар аналар комитетінің өкілі азық-түлікті сақтау тәртібін және олардың жарамды мерзімін қарап, медициналық пунктті аралады. Онда медициналық персоналдың жұмысымен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің медициналық көмекке жүгіну журналындағы жазбаларымен де танысты.

Жүргізіліп жатқан жұмыс аясында сарбаздардың аналары комитеті мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен ата-аналар арасында байланыс орнатып, әскери ортадағы туындаған мәселелерді уақтылы шешу бойынша шаралар қабылдайтынын айта кету керек.

27943 әскери бөлімінің басшылығы келген меймандарға ынтымақтастықты нығайту және әскери қызметке деген сенімді арттыру ісінде табыс тіледі. Әрі алдағы уақытта бірлесіп қызмет атқаруға шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив