ШҚО-да жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар саны көп

Жалпы республика бойынша Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар саны көп.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Премьер-Министр өз сөзінде жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
- Жастардың мұндай бағдарламаларға қатысуын кеңейту NEET санатындағы жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындардың санын азайтуға ықпал етеді. Елдегі мұндай жастардың үлесі 6%-тен асады. Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында NEET көрсеткіштері ең жоғары. Тұжырымдамада республика бойынша осындай жастардың үлесін 3,5%-ке дейін төмендету міндеті қойылған, - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, алдымен жастарды жұмысқа орналастырудың жүйелі тәсілі қажет. Тұжырымдамада 2,3 млн-ға жуық жастарды жұмыспен қамту жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, қазір ШҚО-да жастарды жұмыспен қамтамасыз ете алатын екі ірі жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, мыс балқыту зауыты мен Риддерде салынатын Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты ашылмақ.
182
0
0
Сонымен қатар оқыңыз