Шахтада жұмысшы қаза тапты – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында шахтада жұмысшы қаза тапты.
Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«25 наурызда Артемьев шахтасында шпур бұрғылаушының көмекшісі болған қызметкердің көз жұмғаны белгілі. Жағдайдың қалай болғаны әлі анық емес. Мұндай кезде комиссия құрылады. Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдары, біздің мамандар кіреді. Комиссия нақты не болғанын анықтайды. Бір анығы, жұмысшы құлап немесе басқа да техногендік жағдайда қаза тапқан жоқ», - деді KAZ Minerals корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.
107
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза болдыШҚО-да тағы бір жұмысшы шахтада қайтыс болды«Арселор Миттал Теміртау» шахтысында жазатайым оқиғаның салдарынан жұмысшы қаза таптыХромтаудағы Дон тау-кен байыту комбинатында жарылыс болып, 33 жастағы жұмысшы қаза тапты - ҚР ТЖМШҚО-дағы шахтада тағы екі адам мерт болды