Өскемен
+11°
пасмурно ветер 2,7 м/с, СЗ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр

28.03.2023, 17:22 123 0 Ләззат Қанатқызы

Еліміздегі ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 94 арнайы камера орнаттық. Қазір соның 33-і іске қосылды. Жол-көлік оқиғаларының көбі жылдамдық талаптарын сақтамау салдарынан болады. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен бірлесе жолдардың бойында тиісті құрылғыларды орнату жұмыстарын қолға алдық. Осы орайда автокөлікпен тым қатты жүргендерге айыппұл салынып жатыр, - деді Амангелді Беков.

Оның айтуынша, автобанда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Алайда кейбір жүргізушілер сағатына 180-200 шақырым жылдамдықпен жүреді.

- Қала ішінде «Сергек» камералары жылдамдықты өлшейтінін білесіздер. Осы орайда енді республикалық жолдарда да осындай жүйе іске қосылып жатыр», - комитет өкілі.


123
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив