KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы сайланды

30.03.2023, 14:07 334 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облыстың мәслихатының хатшысы болып Денис Рыпаков тағайындалды.

Бүгін облыс орталығында VIII сайланған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының өткен сайлаудағы қорытындылары талқыланып, комиссия мүшелері анықталды.

Сондай-ақ ШҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев жаңадан сайланған депутаттарға куәліктерін тапсырып, табыс тіледі.

Оның айтуынша, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы 62% - ға жаңарған. Барлық депутаттың жоғары білімі бар.

- Мен жаңартылған депутаттық құрам біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуы мен өркендеу жоспарларын іске асыруда жаңашыл тәсілдерді қолдана отырып жұмыс істейтініне сенімдімін. Бұл ретте, қоғамдық жағдай, азаматтық қоғам Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформалары бойынша елеулі трансформациядан өтіп жатқанын да айта кеткен жөн. Сондықтан депутаттар тұрғындармен жиі кездесіп, облыстық мәслихат сессиялары аясында осы маңызды мәселелерді талқылау қажет,- ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, ол ұлтаралық келісімді, халықтардың ынтымақтастығын және біртұтас қазақстандық қоғамды сақтау үнемң басты міндет болып қала беретінін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив