KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Шетелдегі этникалық қазақтарға 500-ден астам грант бөлінді

31.03.2023, 14:58 252 Ләззат Қанатқызы

Бүгін еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды.

Бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының https://enic-kazakhstan.edu.kz/ веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады. 

 Жоғары білім беруді интернационалдандыру мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқыту үшін 550 грант, оның ішінде бакалавриатқа 490 грант, магистратураға 50 грант, PhD докторантураға 10 грант бөлінген. Бағдарлама аясында тегін білім беру мен білім алушының академиялық жетістіктеріне байланысты ай сайынғы стипендиямен қамтамасыз етіледі, деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының сайтында құжаттарды онлайн қабылдау 30 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.

Үміткерлерді іріктеу ұсынылған құжаттар, бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестілеу нәтижелері және онлайн әңгімелесу негізінде жүргізіледі. Стипендиаттар тізімі биылғы жылдың 28 тамызына дейін жарияланады.

Қосымша сұрақтар бойынша стипендиялық бағдарлама операторына мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив