KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Өскеменде бір миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

15.09.2022, 14:58 95

Өскеменде бір миллион теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлімдеді.

– Полиция қызметкерлері тоқтатқан жүргізушінің көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған болып шықты. Атына 39 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген және төлемей жүрген айыппұлының жалпы сома – 1 миллион 50 мың 609 теңге. Оның үстіне азаматтың көлік құралын басқару құқығы да жоқ екені анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тәртіп сақшылары облыс орталығында «Борышкер» жедел шарасын бастады. Іс-шара 16 қыркүйекке дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив