KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да тағы бір тау шаңғысы курорты ашылады

Шартты сурет

4.04.2023, 09:44 1 740 Ләззат Қанатқызы

Соңғы жылдары өңірде қысқы туризм қарқынды дамып келеді. ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мәліметінше, қысқы туризмді дамытудың мүмкіншілігі мол, себебі облыста қар жамылғысы ұзақ сақталады.

Алдағы жылдары Глубокое ауданында тағы бір тау шаңғысы курортын ашу жоспарланып отыр. Ол "Эко-қонақ үй" демалыс базасының аумағынан ашылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кәсіпкер демалыс аймағын кеңейтіп, қонақ үйлер салып, тау шаңғысы курортын ашуды жоспарлап отырған көрінеді.

Айта кету керек, Глубокое ауданында қазір танымал "Нұртау" (Бобровка ауылы) және «Алтай Альпісінде» (Таулы Үлбі ауылы) тау шаңғысы базалары орналасқан. «Нұртау» ұзақ уақыт үзілістен кейін биыл қыста өз жұмысын қайта бастады.

– Эко-қонақ үйдің жұмыс істеп тұрғанына 10 жылдан астам уақыт болды. Қазір иесі демалыс аймағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол жерде спа-кешені, жабық мұз айдыны мен тау шаңғысы курорты жабдықталады, – дейді аудан әкімі Эльдар Тумашинов.

Сондай-ақ Эльдар Лұқбекұлы «Алтай Альпісі» тау шаңғысы курортының иесі де демалыс орнын дамытуға ниет білдіріп отырғанын атап өтті. Жақын арада ол жерде марал өсіру қолға алынбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив