1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы өсті?

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтар мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25% - ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30% - ға артты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетсек, 2020 жылдан бастап шамамен 600 мың педагогтың жалақысын кезең-кезеңімен арттыру, ал 2021 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттырылған еді. 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі.
Сонымен қатар оқыңыз