KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр

15.09.2022, 14:27 147

Бүгін Өскемен қаласында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, мұндай жәрмеңке биыл екінші рет өткізіліп отырған көрінеді. Мұнда жұмыс іздеушілердің әр түрлі контингенті шақырылған. Атап айтқанда, жұмыссыздар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, алимент төлеушілер және т.б.

Аталмыш жәрмеңкеге "ҮМЗ"АҚ,"Өскемен ЖЭО" ЖШС, "Өскемен құс фабрикасы" АҚ," Өскемен конденсатор зауыты" ЖШС, Halyk Bank сияқты 60 жуық кәсіпорын қатысып, жұмыс іздеушілерге 200-ден астам бос орындар ұсынған. Оның ішінде учаске басшылары, аға инспекторлар, Директорлар, жұмысшылар, сауда өкілдері, супервайзерлер, түрлі салалардағы менеджерлер бар.

Жәрмеңкеге қатысқысы келетін тұрғындар Өскемен қаласының Шәкәрім даңғылы, 149/10 мекенжайында орналасқан жұмыспен қамту орталығында баруға болады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив