KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО: Маусым айында «Төр Алтай жырлайды» фестивалі өтеді

19.04.2023, 09:42 540 Ләззат Қанатқызы

Алтайдың кербұғысы атанған қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай 14 маусым күні ШҚО-да «Төр Алтай жырлайды» фестивалі мен ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сондай-ақ «Оралханның басқа өмірі» атты деректі фильм жұртшылық назарына ұсылынып, театрландырылған қойылым көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Аталған іс-шараның мақсаты жас таланттарды, жазушылар мен ақындарды қолдау, республикамыздағы халықтар достығын, бірлік пен саяси тұрақтылықты насихаттау, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, дарынды жастарды ынталандыру болып табылады, деді Нұрболат Ахметжанов.

Сонымен қатар брифинг барысында ол ШҚО мәдениет басқармасының "Ертіс концертінде" барлығы сегіз шығармашылық ұжым мен 20 солист жұмыс істейтінін айтып өтті.

Ағымдағы жылдың басынан бастап мекеме ұжымы облыстың бірнеше ауданында гастрольдік концерттермен болды. Енді Самар, Тарбағатай, Зайсан және басқа да аудандарда концерттік бағдарламалар өткізуді жоспарлап отырмыз, дейді спикер.

Қазіргі уақытта шығармашылық ұжымдар мен солистер үшін әрдайым ҚР белгілі дирижерлері мен ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін шақыра отырып шеберлік сыныптары өткізіледі.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүгін облыс әкіміне сахналық костюмдер тігуге және музыкалық аспаптар сатып алуға, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайтуға барлық жағынан қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді, деп толықтырды "Ертіс концерт" директоры Данияр Мерғалиев.

Ал "Алтай" халық би ансамблінің жетекшісі Тимур Қожахметов 2020 жылы өңір басшысының бастамасымен құрылған өз ұжымы туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта біздің құрамда 30 әртіс бар, 30-ға жуық қойылымдық жұмыстар жасалып, 374 костюм тігілген. Ансамбль қазірдің өзінде бірқатар республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. Халықаралық би күніне арналған "Жібек жолы" жобасы аясында  Павлодарда гастрольдермен болып, "Нұр" және Шымкент қаласының "Қазына" би ансамбльдерімен бірлескен концерт берді, деді ол.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив