KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО: Мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді?

27.04.2023, 14:19 225 Ләззат Қанатқызы

Мереке күндері еліміздің ХҚО-лары мен Мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді.

6 мамар, яғни сенбі күні кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласы бойынша кезекші ХҚО Белинский к-сі, 37а мекенжайында орналасқан.

 "Мерекеге байланысты еліміздің ХҚО-лары мен Мамандандырылған ХҚО-лары 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Қажетті қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, кезекші ХҚО-лар сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив