KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Такси жүргізушілері мен курьерлер шілдеден бастап салық төлейді

27.04.2023, 17:01 196 Оразай Жеңісұлы
Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-платформалармен бірлесіп такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционалды  іске асырып жатыр.

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Такси немесе курьерлік жеткізу қызметін көрсету кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу немесе мекемеге (басқа кәсіпкерге) жалдамалы қызметкер ретінде рәсімдеу жолымен салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті. Бұл талаптар қазір пайда болған жоқ, бұрыннан бар, бірақ әртүрлі себептерге байланысты көп азаматтар орындамайды. Басты себептердің бірі – міндеттемелерді орындауға байланысты әкімшілік рәсімдерді орындауға дайын еместігі. Салық төлеуші үшін ең тиімдісі – eSalyq Business арнайы мобайл қосымша негізіндегі салық режимін қолдану. Себебі 1%-дық ставкамен табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) төлеу қажет», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты интернет-платформаларды пайдалана отырып, қызмет көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін мемлекеттік кірістер комитеті eSalyq Business мобайл қосымшасын пайдалана отырып жүргізілетін салық режимі негізінде пилоттық жобаны іске қосып жатыр.

«Оның шеңберінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тікелей интернет-платформада өтеді. Платформа операторы табысын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстайды және төлейді, содан кейін мәліметтер автоматты түрде МКК-ға беріледі. Бұл жеке тұлға салық органдарына бармай-ақ, салық міндеттемесін орындайды, ал салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктер жойылады. Бүгінгі күні ақпараттық жүйелерді баптау бойынша Яндекс.такси-мен жұмыс жүріп жатыр, жұмыс аяқталғаннан кейін азаматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады», делінген хабарламада.

Техникалық жүзеге асыру 2023 жылғы 1 шілдеге жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив