KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Алтай мен Риддер көшелеріне «Сергек» орнатылады

шартты сурет

28.04.2023, 10:05 318 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстандағы Алтай және Риддер қалаларының көшелеріне «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылады.

Бұл туралы облыс әкімдігінде болған жиында айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Өңір басшылығы өкілдерінің айтуынша, осы жүйенің арқасында облыс орталығында жол ережесін бұзу көрсеткіші төмендеп, құқық бұзушылық пен қылмыс азайған. Оған қоса аз уақыт ішінде көптеген істің бетін ашуға мүмкіндік туған көрінеді.

Енді Алтай қаласының көшелеріне, қиылыстар пен қоғамдық орындарға 154 камера, Риддерге 249 камера орнатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив