KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО: Прокуратура қызметкерлері үшін мерекелік шара ұйымдастырылды

Ашық дереккөздерден алынған сурет

2.05.2023, 12:10 979 Ләззат Қанатқызы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыстық прокуратура органдарының қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы және «Ертіс концерті» шығармашылық ұжымдарының қатысуымен этнографиялық саябақта мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Саябақтың аумағында 13 ұлттың үйлері орналасқан этникалық ауыл ішінде экскурсия ұйымдастырылып, қонақтардың назарына Шығыс Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұжымды мерекемен құттықтай отырып, облыс прокуратурасының басшылығы қазақстандық патриотизмнің, елге деген адалдықтың және халық бірлігінің символы болып табылатын бұл мерекенің ерекше маңыздылығын атап өтті.  

 "Мерекелік іс-шараға облыс прокуратурасы органдарының зейнеткерлері мен ардагерлері, Құқықтық статистика комитеті ШҚО басқармасының, әскери және көлік прокуратураларының қызметкерлері шақырылды. Іс-шара этномәдени бірлестіктердің, шығармашылық ұжымдардың және кәсіби әртістердің мерекелік концертімен жалғасты", дейді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив