ШҚО-да боран соғады

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, 10 қаңтарда облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыс тұрғындарына барлық сақтық шараларын орындау қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД тұрғындарға мүмкін болса, ұзақ сапарлардан бас тарту қажеттілігі жайлы ескертеді. Егер міндетті түрде жолға шығу қажет болса, жақсы дайындалыңыз. Өзіңізбен бірге арқан, күрек, әйнекті тазалауға арналған қырғыш, шамдар, жылы заттар, телефон, Power Bank, шам,термоспен ыстық шай, жарқын мата алып жүріңіз. Сондай-ақ, жанармай мен азық-түлік қоры болуы керек.
Жолға шығар алдында ауа райы болжамын және жол жағдайын "Дәрмен" тегін ұялы қосымшасы арқылы нақтылап алыңыз.
ТЖ туындаған жағдайда 112-ге қоңырау шалу қажет.