KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Өскемен: бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері табылды

15.09.2022, 10:01 172

Өскемендік полицейлер бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін іздеп тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тәрбиешінің айтуынша, 11 және 12 жастағы екі бала ескертусіз шығып кеткен. Бейімдеу орталығының қызметкерлері олардың қайда екенін анықтай алмай, полицияға хабар берген.

«Жедел топ бірден іздеуге кірісті. Олар айналадағы адамдармен тілдесіп, саябақтарды, алаңдарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият тексеріп шықты. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Ертіс ПБ КТІЖ инспекторы полиция лейтенанты Нұргелді Ислямов пен Ертіс ПБ ювеналды полиция қызметкері полиция капитаны Руслан Мазбаев екі жеткіншекті Новаторов және Толстой көшелерінің қиылысынан тапты», - деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Балалар орталыққа жеткізілді. Басқарма бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаевтың айтуынша, олардың өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив