ШҚО-да ереже сақтамаған 7 адам жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да өрт оқиғаларының алдын алу үшін 225 адамнан тұратын мобильді топтар құрылған.
Облыста шөп пен қоқыс өрті жиі болғандықтан өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қызыл жалын көбінесе ашық аумақта, саяжай алаптары ауданында және тұрғын үй секторынан шығады. Өрт сөндірушілердің айтуынша, мұндай жағдайлар тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан жиі қайталанатын көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ШҚО ТЖД құтқарушылары ғарыш мониторингінің көмегімен өрт сөндіру бөлімшелері жедел пысықтайтын және өрттің одан әрі таралуына жол бермейтін жылу нүктелерін анықтайтынын хабарлаған болатынбыз. Бүгінгі таңда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 9 жылу нүктесі уақтылы анықталды.
Сондай-ақ құтқарушылар тұрғындарға табиғатқа және саяжайларға барған кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін тағы да еске салады.