Табиғи өрттің 70%-ы тұрғындардың кінәсінен болады – ШҚО ТЖД

ШҚО-да жыл сайын табиғи өрттің шамамен 70%-ы адамдардың кінәсінен болады. Ағымдағы жылы өңірде 140,2 гектар алқапта шөп өртінің 18 оқиғасы тіркелген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО ТЖД МӨББ бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары өрт оқиғаларының алдын алу үшін кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Облыста қазір 225 адамнан тұратын мобильді топтар жұмыс істеуде. Оның қатарында өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдар, полицейлер, орманшылар бар.
ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың деректері бойынша, ағымдағы жылы облыс аумағында ағымдағы өрт қаупі кезеңінің басынан бастап 5 га алаңда 5 орман өрті тіркелген.