Айыппұлдан жалтарғандар жазаланады – ШҚО

Облыс аумағында үш күн бойы, яғни 15-17 мамыр аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.
«Борышкер» жедел-профилактикалық шарасының негізгі мақсаты – облыс көлемінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлды өндіру жұмысын жандандыру болып табылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Аталған іс-шара шеңберінде полиция бөлімшелері іс жүргізу органдарымен бірлесіп борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асыратын болады", дейді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.
215
0
0
Сонымен қатар оқыңыз