KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салынбайды – ШҚО

16.05.2023, 14:01 363 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да әзірге мектеп бітіру кешін өткізу үшін ешқандай тыйым салынбаған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі биыл мектеп бітіру кештеріне тыйым салу туралы ешқандай нұсқаулық жібермеген. Тек аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 20-22 маусым аралығында мектеп қабырғасында өту керектігі туралы айтылған.

Осы ретте айта кету керек, мектеп ұжымы мен ата-аналар комитеті бірігіп мектеп бітіру кешін басқа жерде өткізуге шешім қабылдаса, оған ешқандай тыйым салынбайды.

– ШҚО-да да аттестат тапысру рәсімі 20-22 маусым аралығында салтанатты түрде өтеді. Бітіру кештерін өткізу мәселесін мектеп әкімшілігі ата-аналар ұжымымен бірлесіп шешетін болады. Осыған байланысты ешқандай шектеулер жоқ. Айтулы күнді маусым айының соңында немесе шілде айының басында атап өтуге де болады, – дейді Динара Шаухина.

Сондай-ақ ол түлектерді бітіру кештерін қарапайым түрде атап өтуге шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив