Өскемен
-7°
туман Штиль
459.06 503.77 5.16

Үздік отбасылар марапатталды – ШҚО

17.05.2023, 22:48 226 0 ALTAYNEWS

ШҚО драма театрында "Отан отбасынан басталады" атты форум өтті.

Аталмыш форум аясында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қолдауымен "Шығыстың үздік отбасы" облыстық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлады Altaynews тілшісі.

 Форум мен конкурстың басты мақсаты – неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, қазіргі жас отбасылардың қарым-қатынасын нығайту, әлеуметтік белсенді өскелең ұрпақты толыққанды тәрбиелеу. Отбасылық дәстүрлерді жаңғырту, дамыту және нығайту, дейді ұйымдастырушылар.

Байқау "Отбасы тарихы – облыс тарихы", "Еңбек әулеті", "Күміс жұп", "Алтын жұп", "Гауһар жұп", "Ең жас көпбалалы отбасы", "Мейірімді отбасы" атты 7 номинация бойынша өткізілді.

Қорытындысы бойынша "Отбасы тарихы – облыс тарихы" номинациясы бойынша ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының құтқарушысы Арнат Қасеновтің отбасы марапатталды.

Арнат Қасенов өзінің 16 жылдық қызметі барысында түрлі төтенше жағдайға ұшыраған адамдар мен балаларға көмектескен. Тіпті әріптестері оны «балалар құтқарушысы» деп атап кеткен көрінеді.

226
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив