KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жазда 100-ге жуық балабақша жұмыс істейді – ШҚО

18.05.2023, 09:48 479 Ләззат Қанатқызы

Биыл жаз мезгілінде өңірде 100-ге жуық балабақша жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина мәлімдеді.

Жазда мектепке дейінгі мекемелердің көбі жөндеу жұмыстарына байланысты жұмыстарын уақытша тоқтататын. Ал бұл жағдай жұмыс істейтін ата-аналар үшін қолайсыздықтар тудырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Енді балабақшаларда арнайы топтар құрылып, ата-анасы жұмыс істейтін бүлдіршіндерді қабылдайды.

– Жаз мезгілінде балабақшаларда кезекші топтардың жұмысы ұйымдастырылады. Маусым айында 17829 бала қабылдайтын 169 балабақша, шілдеде 12944 бала қабылдайтын 122 балабақша, ал тамыз айында 12321 балаға арналған 114 балабақша жұмыс істейді. Бұл ретте көптеген балабақшалар жазғы кезеңде қызметін тоқтатпайтынын айта кету керек, – деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Бүгінгі таңда ШҚО-да барлығы 203 балабақша мен 190 шағын орталық жұмыс істейді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен толық қамтылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив