Өскемен
-3°
пасмурно ветер 1,7 м/с, В
459.06 503.77 5.16

Әскери прокуратура профилактикалық жұмыс жүргізді – Өскемен

21.05.2023, 17:38 362 0 Оразай Жеңісұлы

Өскемен гарнизонының әскери прокуроры 27943 әскери бөлімінде профилактикалық жұмыс жүргізіп, қызметкерлері және сарбаздармен әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әскери прокуратура – әскери тәртіптің сақталуын жіті қадағалайтын құзырлы орган. Ондағы қызметкерлер белгілі бір аумақта орналасқан әскери бөлімдер және мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатып, түрлі шаралар ұйымдастырады.

Бұл жолы Өскемен гарнизонының әскери прокуроры әрі әділет полковнигі Есжан Сыбанбаев әр сарбазбен және әскери қызметкермен жеке-жеке сұхбат құрып, жан-жақты тақырыпта әңгіме жүргізіп, түрлі сұрақтарға жауап берді.

«Мұндай профилактикалық жұмыстар әскер ішіндегі кем-кетікті айқындауға, түрлі құқық бұзушылықтар мен суицидтік әрекеттердің алдын алуға, сап түзеп жүрген сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысып, олардың психологиялық-моральдық жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді», дейді Өскемен гарнизоны баспасөз қызметінің өкілдері.

362
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив