Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның заң шығару процесіне қатысу мүмкіндіктері талқыланды - ШҚО

14.09.2022, 18:42 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қазақстанда заң шығару процесінің құқықтық негіздері бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды ШҚО Аймақтық коммуникациялар орталығы. 

Семинар барысында қатысушыларға Каспий университетімен бірлесе әзірлеген заң шығару процесінің-құқықтық негіздері бойынша оқу құралы ұсынылды. Бұл басылымда процестің нормативтік құқықтық кезеңдері, Қазақстан Республикасының заңнама жүйесі, практикалық мысалдар негізінде заң техникасының мәселелері, сондай-ақ НҚА қабылдау процесіне үкіметтік емес ұйымдардың қатысу мүмкіндіктері қарастырылды. 

Семинарға азаматтық қоғам көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадия, оқу құралын әзірлеушілер, Каспий университетінің Жария құқық ҒЗИ директоры Роман Подопригора және кіші ғылыми қызметкері Закир Құдайбергенов қатысты.

Семинар нәтижесінде құқық қолдану практикасы, заң жобаларына сараптама жүргізу рәсімдері мәселелері талқыланды және сарапшылардың тәжірибесінен мысалдар қарастырылды.

Құқық үстемдігі бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері Комитетімен заңнаманы әзірлеу және іске асыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам ұйымдарының мүмкіндіктерін кеңейтуге, заңгерлердің және мемлекеттік органдардың заңнаманы әзірлеу барысында бір бірімен өзара әрекеттесуге көмектеседі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив