KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
442.05 474.14 4.74

Өскемен: Lexus. Жалған нөмір. 3 млн теңге айыппұл

22.05.2023, 17:18 401 Оразай Жеңісұлы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған көлікпен жүрген Өскемен тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ жүргізушінің үш миллион теңгеге жуық айыппұлы бар болып шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Тәртіп сақшылары «қауіпті жүргізушінің» Lexus маркалы көлігін «Сергек» арқылы тауып, ізіне түскен.

«Көлік 19 мамырда Сәтбаев даңғылында бейнебақылау камерасының нысанасына ілікті. 29 жастағы жүргізуші сол күні 19-шы шағын ауданда ұсталды. Кейінірек 46 рет жол ережесін бұзып, 2 млн 287 мың теңге айыппұл арқалағаны белгілі болды», деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2, 3 және 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс сотқа жолданды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив