KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ресейде тұтанған алапат өрт Абай облысына жетті

23.05.2023, 09:00 1 204 Оразай Жеңісұлы

Абай ауданында өрт сөндірушілер алапат өртпен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

22 мамырда өрт сөндірушілерге Ресейдің Алтай өлкесінің аумағында тұтанған өрттің «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына өткені туралы хабарлама түскен.

«Абай ауданы аумағындағы Бородулиха ауданында Ауыл стансасынан 7 шақырым жерде өрт шықты. Ауылға және Березовка шипажайына қауіп төніп тұр. Алдын ала болжам бойынша, 57-70 гектар аумақты жалын шарпыды», деп мәлімдеді Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 41 адам, 14 техника мен бір командалық-штабтық көлік тартылды, орман шаруашылығынан 157 адам және 44 техника, жергілікті атқарушы органның су тасығыш 4 камазы жіберілді, сондай-ақ тракторлармен жерді жыртып жатыр. Жергілікті полиция қызметкерлері халықты хабардар етті.

Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында штаб ұйымдастырылды. Бөлім қызметкерлері дайындық үстінде. Жедел аймақтық штаб Ауыл кентінің кіреберісіне орналастырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив