KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,8 м/с, СШ
443.35 475.54 4.82

Үздік мамандар анықталды – ШҚО

24.05.2023, 10:12 200 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында Оңалту орталығының үздік мамандары анықталды.

Облыстық білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы» және «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңін онлайн форматта өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы бағалады. Соның нәтижесінде «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы» байқауында «Үздік әдістемелік кейс» аталымын Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологы Нұргүл Кабиева иеленді. Ал «Үздік сабақ» аталымына Шемонаиха ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопед-мұғалімі Олеся Бычкова лайық болды.

«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» байқауында «Отбасына үздік кеңес беру» аталымын Алтай ауданының «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» мекемесінің дефектолог-мұғалімі Елена Шматова жеңіп алды.

Жеңімпаздар білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, сетификаттарға ие болды.

Байқаудың облыстық кезеңінің бірінші орын иегерлері республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив