KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Абай облысындағы өрт: 300-ге жуық адам басқа елді мекенге көшірілді

24.05.2023, 10:48 244 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысында алапат орман өрті тұтанды.  

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрт шалған аумақ 1500 гектарға жуықтайды. Өртті сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде бір өрт сөндіру пойызы) және екі тікұшақ, 402 адам жұмылдырылған.

Сонымен қатар Астана, Павлодар және Қарағандыдан 133 адам және 26 техника көмекке келді. Қарағанды ​​қаласының әуежайынан тағы бір тікұшақ көтерілді.

«Қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка қосалқы шаруашылығынан 277 адам басқа елді мекенге көшірілді», делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив