KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

25-27 мамыр аралығында күн райы қандай болады?

шартты сурет

24.05.2023, 11:45 256 Оразай Жеңісұлы
Қазгидромет мамандары 25-27 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

Республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, жаңбыр, найзағай күтіледі, тек республиканың солтүстік-батысында антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауылдар болады.

"Қазақстан бойынша ауа температурасы күндіз: негізгі фон батыс өңірлерде 27-35 градус, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы болады, солтүстікте, шығыста, орталықта 18-27 градус аралығында, оңтүстікте 25-33 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін", делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив