KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Ата-аналар кодексі әзірленеді

24.05.2023, 15:20 172 Оразай Жеңісұлы

Елімізде Ата-аналар кодексі әзірленеді. 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспары «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

 "Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, суицид деңгейін төмендету және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ата-ана мәселесі жеке қарауды талап етеді. Жүргізілген көпаспектілі талдау ата-аналардың ата-ана құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы нормативтік ережелерді шоғырландыратын, оларды түсінудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ететін, оларды азаматтар үшін қолжетімді баяндайтын, ата-аналардың ата-ана функцияларын жүзеге асыруда мемлекеттік қолдау іс-шараларын айқындайтын құжат ретінде Ата-аналар кодексін әзірлеудің өзектілігін көрсетеді. Ата-аналар кодексінің мақсаты – мемлекет пен азаматтардың ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін, олардың Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқаты үшін жауапкершілігін айқындауға әріптестігі негізінде жүйелі-тұтас тәсілді іске асыру", делінген құжатта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив