KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Еліміздегі ең үздік дәрігер анықталады

Фото: ашық дереккөз

25.05.2023, 11:40 301

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» республикалық патриоттық байқауы өткізілмек.

Соған орай «Bilim-orkenieti» орталығының және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты республикалық патриоттық байқауына еліміздің денсаулық сақтау саласының өкілдерін қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген азаматтарды, өз ісінің мамандарын қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш кестесін толтырып және еңбек жолында жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса жіберуі қажет.

Құжаттар astana-20s@mail.ru электронды поштасына 2023 жылдың маусым айының 10-на дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына:

  • Арнайы тағайындалған «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» атты төсбелгісі
  • Төсбелгіні куәландыратын Куәлік
  • Құрмет грамотасы
  • Жаңа Қазақстан» қоғамдық қоры орталығынан Сыйлық-кітап
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды пошта: astana-20s@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8 778-629-80-35, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні

Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы

Қызмет орны атауы, лауазымы

Байқау атауы

   «Денсаулық сақтау саласының үздігі»

Телефон, ұялы, е-mail.ru

Сапалы түрлі түсті ¾ фото

Мекенжайы, жергілікті Қазпоштаның индекс номері

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив