KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да оқушылар далада жиналып, қолдарына қару алды

Фото: Altaynews

25.05.2023, 12:15 219

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштеріне қарасты 97683 әскери бөлімінде мамыр айының 23-26 аралығында оқушылардың оқу-далалық жиыны өтіп жатыр.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі оқу-дала жиынына әдеттегідей 11-ші сынып оқушылары жиналды. Олар 5 күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, ұрыс әдістерін үйренеді. Алғаш рет қару қолданып, сарбаз міндетін сезінбек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әскери бөлімнің қызметшілері мектеп оқушыларына әскери пәндер бойынша мағлұматтар, әскери техниканың пайдалану тәртібін үйретуде.

– Оқу-дала жиынының басты мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Жиын ҚР Қарулы Күштерінің қатарын толықтыру мақсатында өтіп жатыр. Оқу-дала жиыны 5 күндік көлемде жастарға тактикалық даярлық, атыс, саптық даярлық, әскери топография жөнінде өткізіліп жатыр, – деді 97683 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Дидар Ғаббасов.

Әскери жаттығу шарасына Өскемен қаласының №29 орта мектебі, Алтай ауданына қарасты Чапаев ауылы мен Серебрянск қаласының оқушылары қатысып жатыр. 

«Оқу-дала жиынына қатысып жатырмын. Мұнда неше түрлі спорттық шаралар өтеді. Бұл шараларда жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамын. Біз мектепте алған теориялық білімді мұнда тәжірибе жүзінде іске асырамыз. Бұл бес күндік әскери өмір болғанымен, біз бір жылдық әскери өмірдің ең маңызды сәттеріне куә болып, басымыздан өткердік, – деді 10 сынып оқушысы Арсений Зимин.

Әскери оқу-дала шарасында балалар шатыр астында түнеп, түрлі әскери тактикалық сабақтарды өтіп, бейбітшіліктің парқын ажыратады. Осылайша, бойларына жоғары патриоттық рух қалыптастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив